Бивол командасы Бетербиевпен жаңа жекпе-жек өткізу шартын атады
Дмитрий Биволдың жаттықтырушысы Геннадий Машьянов Артур Бетербиевпен үшінші жекпе-жек өткізу шартын атады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Маман қарсыластықтың жалғасқанын қалайтынын, алайда гонорар екі боксшының деңгейіне сай болуы керектігін айтты. Оның сөзінше, трилогияға қатысты келіссөздер жүріп жатыр, бірақ әзірге нақты әрі егжей-тегжейлі ұсыныстар түспеген.
«Гонорар екі боксшының деңгейіне сай болғанын қалаймыз. Үшінші жекпе-жек өткізу ниеті үшін ғана рингке шығудың қажеті жоқ», — деді Машьянов.
Жаттықтырушы ұйымдастырушылардың ұсыныстарын күтіп отырғандарын қосты. Қазір команда Биволдың Каллум Смитпен жекпе-жегіне дайындығына басымдық беріп отыр.
Бұл жекпе-жек 12 желтоқсанда Екатеринбургте өтеді деп жоспарланған. Британдық боксшы — жартылай ауыр салмақтағы WBO нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы.
Бивол мен Бетербиев бұған дейін екі рет кездескен. 2024 жылдың қазан айында Бетербиев жеңіске жетсе, 2025 жылдың ақпанында Бивол қарымта жекпе-жекте басым түсті.
Осылайша, олардың қарсыласуындағы есеп тең — 1:1. Үшінші кездесудің датасы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.