locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Беллингем Қазақстанға қарсы матч алдында маңызды мәлімдеме жасады

«Реалдың» жұлдызды шабуылшысы інісін туған күнімен құттықтады
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» жұлдызды шабуылшысы Джуд Беллингем інісі Джобты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Беллингемнің ағасы інісі Джобты 21 жасқа толуымен көпшілік алдында құттықтады. «Ақтардың» жұлдызды жартылай қорғаушысы Дортмундтың «Боруссиясында» өнер көрсететін бауырына жылы лебізін білдіріп, оған сәттілік пен жеңістер тіледі.

Айта кетейік, Джоб Беллингем 25 қыркүйекте Қазақстан құрдастарына қарсы ойнайтын Англияның U-21 құрамасында өнер көрсетеді. Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады.

Сондай-ақ іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда үш матч өткізеді: 25 қыркүйекте Англиямен, 29 қыркүйекте Ирландиямен, ал 6 қазанда Молдовамен кездеседі. Қазақстанның U-21 құрамының тізімі осында қолжетімді.

Жеті ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде төрт ұпай бар және команда турнир кестесінде соңғы орында тұр. Владимир Чебуриннің командасы Еуропа чемпионатына шығудың математикалық мүмкіндігінен де айырылды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie