locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Не болып жатыр? Еуропалық клуб Килиан Мбаппеге көз тікті

Түркиялық «Фенербахче» сенсациялық трансферді армандайды
ФОТО: Getty Images

Түркиялық «Фенербахче» президенттігіне үміткер жанкүйерлерді батыл әрі өршіл мәлімдемесімен таңғалдырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Saracoglu Sports ақпаратына сәйкес, «Фенербахче» президенттігіне үміткер Азиз Ылдырим өзінің сайлауалды науқаны кезінде клуб президенті болып сайланса, ол «Реал» және Франция құрамасының жұлдызы Килиан Мбаппемен келісімшарт жасайтынын мәлімдеді.

Мұндай даңғаза уәделер бұқаралық ақпарат құралдарының назарынан тыс қалған жоқ, енді Ылдырим жанкүйерлер тарапынан сын мен мысқылға ұшырап отыр.

Бұған дейін Мбаппенің «Реалдан» кетуі мүмкін екені туралы ақпарат тараған, алайда 27 жастағы французға ең басты әрі шынайы үміткер – ағылшындық «Ливерпуль» болып отыр.

Килианның «бланкоспен» қазіргі келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды, ал Transfermarkt бағалауы бойынша оның трансферлік құны 180 миллион еуроға тең.

Айта кетейік, бұған дейін «Реалдың» 150 млн еуроны кімге жұмсағысы келетіндігі белгілі болған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie