locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Басқаға соққы: MLS Мессиге айыппұл салды

Оқиға төрешінің назарынан тыс қалды, тек ауызша ескерту жасалды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images

Солтүстік Америка Бас футбол лигасының (MLS) тәртіптік комитеті «Интер Майами» шабуылшысы, аргентиналық Лионель Мессиге, «Филадельфия Юнион» ойыншысы Куинн Салливанның басына соққы жасағаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Лига сайтының хабарлауынша, 20 тамызға қараған түні «Интер Майами» қонақта «Филадельфиямен» 2:2 есебімен тең түсті.

Екінші таймға қосылған уақытта Салливан мен Месси арасында ауызша қақтығыс орын алып, аргентиналық футболшы қарсыласының желкесіне соққы жасады. Оқиға төрешінің назарынан тыс қалды — ол тек Салливанға ауызша ескерту жасаумен шектелді.

Лига ережелерінде қарсыластың бетіне, басына немесе мойнына қол тигізу үшін арнайы жаза қарастырылған:

«Тәртіптік комитеттің пікірінше, қарсыластың бетіне, басына және/немесе мойнына қол тигізген, оқиғаны ушықтырған не жаппай қақтығысқа қатысқан ойыншылар мен өзге тұлғалар ең кемі ақшалай айыппұл алады».

Сонымен қатар комитет бұл оқиғаға байланысты қызыл карточка алған Салливанның бір матчтық дисквалификациясын жойды.

«Интер Майами» 39 ұпаймен Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде екінші орында тұр, ал «Филадельфия» (20) 13-орында.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie