locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» тарихындағы алғашқы қазақстандық дебюттік матчынан фото жариялады

Карим Мендиканов каталондықтардың 16 жасқа дейінгі командасында алғашқы ойынын өткізді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Барселона» тарихындағы алғашқы қазақстандық дебюттік матчынан фото жариялады
ФОТО: instagram.com/k.mendikanov

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының вингері Карим Мендиканов «Барселона» клубының 16 жасқа дейінгі командасында алғашқы матчына шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.

15 жастағы Мендиканов биылғы жазда «Ла Масияның» қатарына қосылып, команда сапындағы алғашқы кездесуін академия командаларының біріне қарсы бақылау матчында өткізді.

Ойын жабық форматта өткендіктен, клубтың ресми ресурстары матч нәтижесі мен Мендикановтың алаңдағы уақыты туралы ақпарат таратпады. Дегенмен, вингердің өзі Instagram парақшасында ойыннан фотоларымен бөлісті.

16 жасқа дейінгі команда Испания жасөспірімдер чемпионатына дайындықты енді ғана бастады. Турнирдегі алғашқы ойыны 19 қыркүйекте «Барселона» жаттығу базасында өтеді.

Айта кетейік, Мендиканов «Барселонамен» үш жылға келісімшартқа қол қойды. Каталондық клуб тарихында алғашқы қазақстандық футболшы атанар алдында ол «Серданьола» және «Сан-Кугат» командаларында өнер көрсетіп, испандық алпауыттың скауттарының назарына іліккен болатын.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie