«Бағасы өсті»: Гурцкая Самородовтың «Спартакқа» ауысуы мүмкіндігі туралы пікір білдірді
Футбол агенті Тимур Гурцкая Грозныйдың «Ахмат» клубының қазақстандық вингері Максим Самородовтың Мәскеудің «Спартак» командасына ауысу ықтималдығы туралы инсайдерлік ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Осындай қауесет тарады: Самородов осы аптада «Спартакқа» ауысуы мүмкін екен. Қаншаға? 8 миллион еуроға. Менің білуімше, Самородовты бір жыл бұрын бір немесе бір жарым миллионға сатып алған. 10-орында тұрған командада бір адамның бағасы бес есе өсе қояды деп елестете алмаймын», – деді Гурцкая YouTube-тағы «Это футбол, брат!» арнасындағы бейнежазбада.
Бұған дейін «Ахматтың» Максим Самородовты «Спартакқа» жазғы трансферлік терезеде сатуға дайын екені туралы ақпарат тараған болатын.
11 тамызда инсайдер Анар Ибрагимов хабарлағандай, «Спартак» Самородов үшін бонусын қоса есептегенде 8 миллион еуро ұсынып отыр. Сонымен қатар, футболшының Мәскеу клубымен жеке келісім-шартының шарттары да келісілген.
Бұл маусымда 24 жастағы Максим Самородов «Ахмат» сапында бес матч өткізіп, бір гол соқты. Transfermarkt порталы футболшыны 3 миллион еуроға бағалайды.