Қазақстан құрамасының шабуылшысы жаңа командасын тапты
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев «Оқжетпес» сапында өнер көрсетеді
ФОТО: Оқжетпес ФК
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев мансабын көкшетаулық «Оқжетпес» клубында жалғастырады. Клуб 27 жастағы форвардпен келісімшарт жасалғанын ресми түрде жариялады.
Өміртаев қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол әр жылдары Қазақстан Премьер-лигасында да, шетелдік ареналарда да тұрақты түрде өнер көрсетті. Форвард «Шахтер», «Тобыл», «Ақжайық», «Атырау», «Ақтөбе» клубтарының намысын қорғап, сондай-ақ Беларусь чемпионатында «Слуцк» пен БАТЭ сапында ойнады.
Өткен маусым Оралхан үшін нәтижелі болды. Қазақстан чемпионатында ол төрт гол соғып, алты нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, былтырғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасында «Оқжетпес» 35 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтаған еді.