Қазақстан құрамасының көшбасшысы Зайнутдинов Бельгиямен өтетін ойынға қатыспайды
Бақтиер Зайнутдинов Бельгиямен өтетін ойынға қатыса алмайды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: KFF
Қазақстан құрамасының көшбасшысы әрі негізгі ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов келесі матчқа қаьтыспайды. Солтүстік Македонияға қарсы өткен кездесуде жартылай қорғаушы тағы бір сары қағаз алып, ойыннан шеттетілді.
Бұл ескерту оның іріктеу кезеңіндегі екінші сары қағазы болды. Ереже бойынша, осындай жағдайда футболшы бір матчты міндетті түрде өткізіп жібереді.
Осылайша, ұлттық құрамамыз маңызды ойын – Бельгияға қарсы кездесуде өз көшбасшысы мен үздік ойыншыларының бірінсіз өнер көрсетеді. Матч 15 қараша күні Астанада өтеді.