Дастан Сатпаев жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының матчтарын өткізіп алады — инсайд
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев тағы да жарақат алды. Футболшының қалпына келуіне шамамен алты апта қажет болады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл туралы спорт комментаторы Ермұхамед Маулен мәлімдеді.
Жаңа жарақатына байланысты Сатпаев Молдоваға (13 қараша) және Словакияға (16 қараша) қарсы матчтарды өткізіп алады.
Қазақстан құрамасында Дастан Сатпаевқа қатысты шешім қабылданды
Сатпаев жарақатына байланысты бір айдан астам уақыт ойнамады
Сатпаев алдыңғы жарақатын 2 қыркүйекте Англия чемпионатының «Мидлсброға» қарсы матчында (1:1) алған.
Қазақстандық футболшы «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шығып, 81 минут ойнады. Алайда кейін санның артқы бұлшықетіндегі жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Осы жарақат салдарынан Сатпаев Қазақстан құрамасының қыркүйек және қазан айларындағы матчтарын өткізіп алды.
10 қазанда қазақстандық футболшы емделіп шыққаннан кейінгі алғашқы матчын өткізіп, «Уотфордқа» қарсы ойында 16 минут алаңда болды. Алайда 13 қазандағы «Чарльтонға» қарсы кездесуге қатыспады. Матчтан кейін команданың бас бапкері Ники Хайен ойыншының алаңға шығуына дәл «Челси» тыйым салғанын мәлімдеді.
Одан кейін Сатпаев 16 қазанда «Вулверхэмптонға» қарсы матчта алаңға қосалқы құрамнан шығып, 29 минут ойнады. Ал 24 қазанда «Линкольнмен» кездесуде алғаш рет негізгі құрамда ойнап, 59 минут алаңда болды.