locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қате пенальти? ҚФФ «Атырау» - «Астана» матчындағы даулы эпизодтарға қатысты пікір білдірді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Қате пенальти? ҚФФ «Атырау» - «Астана» матчындағы даулы эпизодтарға қатысты пікір білдірді
ФОТО: ФК Астана

ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру «Атырау» - «Астана» матчының негізгі эпизодтары туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

30 сәуірде ҚПЛ 18-турының ерте өткізілген «Атырау» - «Астана» ойыны өтті. Ойын 2:0 есебімен астаналықтардың пайдасына аяқталды. Матчты бас төреші Данил Горда басқарып, оған VAR төрешісі Антон Кучма көмектесті.

ҚФФ Төрешілік департаментінің директоры Нуно Паррейра төрешілер жұмысындағы үш даулы сәтті, оның ішінде қате тағайындалған пенальтиді сараптады. 34-минутта «Атырау» айып алаңында Мирам Сапанов Абзал Бейсебековке қарсы ереде бұзып, пенальти белгіленіп, соның арқасында қонақтар есеп ашты.

Нуно Паррейраның айтуынша, «Астана» капитаны Бейсебеков симуляция жасады. Ал 11 метрлік айып соққысы қате белгіленді және VAR эпизодқа араласуы керек еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie