Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Роналдудың Португалиядағы болашағына қатысты шешім белгілі болды
Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасының Ұлттар лигасындағы алдағы матчтарына шақырту алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін, 41 жастағы шабуылшы Солтүстік Америкада өткен турнирдің ширек финалында Испаниядан жеңілген матчтың өзі үшін мундиальдағы соңғы ойын болғанын мәлімдеген еді. Осыдан кейін Роналдудың ұлттық құрамадағы болашағы бұлыңғыр болып қалды.
Енді ұлттық құрама сапында ең көп матч өткізіп, ең көп гол соққан рекордшының Данияға, Уэльске қарсы және Норвегиямен өтетін екі ойынға арналған өтінімге енгені белгілі болды. Бұл кездесулер Жорже Жезуштің ұлттық құраманың бас бапкері ретіндегі алғашқы матчтары болады.
Оның барлық кездесуде алаңға шығатыны әзірге белгісіз. Себебі шілде айында Роналдудың ұлттық құрама сапындағы бір ғана матчқа қатысуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді. Атап айтқанда, ол 24 қыркүйекте Уэльске қарсы ойынға қатыспақ. Кездесу Лиссабондағы «Спортинг» стадионында өтеді. Дәл осы аренада шабуылшы үлкен футболдағы жолын бастаған.