locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» легионері клубтан кетті, енді мансабын Еуропада жалғастырады

Астана клубы бұл трансферден 500 мың доллар табыс тапты
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: «Астана» ФК

Африкалық тамыры бар Беларусь жартылай қорғаушысы Макс Эбонг «Астана» ФК-нан кетіп, Софияның ЦСКА клубына ауысты.

26 жастағы футболшы болгарлық клубпен үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

ASnews.kz мәліметінше, «Астана» ФК футболшысын 500 мың долларға (257 миллион теңгеден аса) сатты.

Эбонгтың Болгарияда мансабын жалғастыруы мүмкін екені осы аптада белгілі болды.

Макс Эбонг «Астана» сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетті. Ол ҚПЛ аясында 125 матч өткізіп, 10 гол соғып және 21 нәтижелі пас берген. Өткен маусымда Эбонг елордалық команда құрамында барлық турнирлерде 39 ойынға қатысып, үш гол және төрт нәтижелі паспен көзге түсті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie