locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» футболшылардың бойкотына қатысты мәлімдеме жасады

Клуб қарыздың бар екенін мойындады, бірақ оны қашан өтейтіні айтылмады
«Астана» футболшылардың бойкотына қатысты мәлімдеме жасады
ФОТО: Астана

«Астана» жалақы бойынша қарызға байланысты чемпионат матчтарына бойкот жариялаған футболшылардың ұжымдық үндеуіне ресми жауап берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Елордалық клуб қарыздың бар екенін мойындап, футболшыларға клуб түстеріне деген адалдығы үшін алғыс білдірді. Алайда «Астана» ойыншылардың матчтарға қатысудан бас тарту жағдайынан қалай шығатыны туралы мәлімдемеде ештеңе айтылмаған.

««Астана» ФК негізгі құрамдағы бірқатар футболшылар алдындағы жекелеген келісімшарттық міндеттемелер бойынша берешектің бар екенін растайды. Осыған байланысты Клубқа ұжымдық үндеу келіп түсті.

Клуб басшылығы футболшылардың ұстанымын түсіністікпен қабылдайды. Қаржылық қиындықтарға қарамастан, футболшылар мен жаттықтырушылар штабы ұзақ уақыт бойы өздерінің кәсіби міндеттерін толық көлемде орындап, оқу-жаттығу процесі мен ресми матчтарға қатысып, алаңда «Астана» ФК мен Қазақстан астанасының намысын абыроймен қорғап келеді.

Клуб команда мүшелерінің сабырлылығын, жауапкершілігі мен кәсібилігін жоғары бағалайды. Қалыптасқан жағдай футболшылардың Клубқа, оның жанкүйерлеріне және спорттық мақсаттарына деген адалдығына еш күмән келтірмейді», — делінген елордалық клубтың мәлімдемесінде.

Еске салайық, футболшылар ұжымдық үндеуінде клуб кемінде үш айлық жалақы көлеміндегі қарызды өтегенге дейін матчтарға қатысудан бас тартатынын мәлімдеген еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie