locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» Роман Старченконың құрметіне лимиттелген шарфтар топтамасын шығарды

«Барыс» Роман Старченкоға екі матч арнап, арнайы шарфтар топтамасын сатылымға шығарады
«Барыс» Роман Старченконың құрметіне лимиттелген шарфтар топтамасын шығарды
ФОТО: Барыс ХК

«Барыс» қазақстандық хоккейдің аңызы әрі клубтың бұрынғы капитаны Роман Старченкоға арналған Super Star 48 арнайы матчтар сериясын өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алғашқы кеш 9 қыркүйекте Уфаның «Салават Юлаев» командасына қарсы үй матчында өтеді. Кездесу алдында салтанатты рәсім ұйымдастырылып, Старченконың ойын жейдесі «Барыс Арена» төбесіне көтерілмек.

Арнайы серия 12 қыркүйекте жалғасады. Бұл күні «Барыс» Хабаровскінің «Амур» клубын қабылдайды. Матч алдында жанкүйерлер Роман Старченкомен кездесіп, оның қатысуымен өтетін автограф-сессияға қатыса алады.

Сонымен қатар Super Star 48 сериясына орай клуб Роман Старченкоға арналған арнайы лимиттелген шарфтар топтамасын дайындады. Олар серия матчтары кезінде «Барыстың» ресми дүкенінде сатылымға шығады. Тауар саны шектеулі.

Старченко «Барысқа» мансабының шамамен 20 жылын арнады және ұзақ уақыт бойы клубтың басты символдарының бірі болды. Ол Қазақстан құрамасы сапында да көп жыл өнер көрсетіп, 18 әлем чемпионатына қатысты.

Осылайша, «Барыстың» қыркүйектегі екі матчы қазақстандық хоккей тарихындағы ең танымал ойыншылардың біріне арналмақ: 9 қыркүйек - «Салават Юлаев», 12 қыркүйек - «Амур».

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie