«Астананың» жартылай қорғаушысы ЦСКА-ға ауысуы мүмкін
Беларусьтік жартылай қорғаушы Макс Эбонгқа ЦСКА София қызығушылық танытты
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: ФК Астана
Елордалық «Астана» мен Беларусь құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Макс Эбонг болгариялық ЦСКА София клубының назарын аударды, деп хабарлайды Sport+
Өткен маусымда Эбонг «Астана» сапында барлық турнирлерде 39 матч өткізіп, үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Жалпы, ҚПЛ-де беларусьтік хавбек 125 ойын өткізіп, 10 гол мен 21 нәтижелі пасқа автор болды.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Эбонгтың трансферлік құны 800 мың еуроға бағаланып отыр. Футболшының «Астана»-мен келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.
Желтоқсан айының басында, бұл ойыншыға амбициялы «Қайсар» да қызығушылық танытып отырғаны белгілі болған еді.