locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Асыра сілінген эго»: Лиссабон көшелеріне Роналдуға арналған үндеуі бар плакаттар ілінді

Жанкүйерлер капитандарын қолдап, ұлттық құрама бас бапкерін сынға алды
«Асыра сілінген эго»: Лиссабон көшелеріне Роналдуға арналған үндеуі бар плакаттар ілінді
ФОТО: Getty Images

Португалия құрамасының жанкүйерлері Криштиану Роналду мен Жорже Жезушке арналған бірнеше билборд орналастырды. Бұл шабуылшының ұлттық құрамадан кеткені аясында орын алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Португалия астанасы Лиссабонның әртүрлі жерлеріне қойылған баннерлер көп жылдан бері команда капитаны болған ойыншыға қолдау білдірді:

«Португалия үшін жасаған барлық ісің үшін рақмет, Криштиану. Сен әрдайым біздің капитанымыз болып қаласың», — деп жазылған плакаттарда Португалия туының фонында Роналдудың түрлі-түсті бейнесі орналастырылған.

Ал ұлттық құраманың бас бапкері бұл баннерлерде аяусыз сынға алынды:

«Сен бұл деңгейге сай болмадың. Капитанға дұрыс қарым-қатынас жасамадың. Асыра сілінген эго».

Үш плакат астанадағы «Эштадиу да Луш» стадионы мен Лиссабон әуежайының маңына, сондай-ақ Лиссабоннан алыс емес Оэйраш муниципалитетінде — Португалия футбол федерациясының штаб-пәтері алдында орналастырылды.

Фото: As

Соңғы билборд бұл жерде ұзақ тұра алмады: оны көрсетуге рұқсат болмағандықтан, жергілікті билік баннерді алып тастады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie