Кравец «Барыстың» ҚХЛ матчына құрамын атады
Жұма, 2 қазанда, Нижнекамскіде Континенталдық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының матчы өтеді. Онда жергілікті «Нефтехимик» «Барысты» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойынның алғашқы ысқырығы Қазақстан уақытымен 21:00-де естіледі. Матчты «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Астаналықтардың бас бапкері Михаил Кравец матчқа шығатын негізгі құрамды атады.
«Барыстың» құрамы:
Шепард (Шутов);
Масси — Данияр, Логвин — Пилон — Бэйли;
Маккошен — Дэй, Симонов — Морелли — Томпсон;
Бритиков — Приски, Омирбеков — Шестаков — Қайыржан;
Әлібек — Оразов, Шайхмедденов — Панюков — Савицкий.
Осы маусымдағы 11 матчтан кейін «Нефтехимик» 15 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орында тұр. «Барыстың» еншісінде он ойыннан кейін 10 ұпай бар және команда бесінші орында келеді.