Қазақстан Азия-2026 медальдар есебінде көтерілді
Қазақстан Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының медальдар кестесінде көтерілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
13-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар үш алтын медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан құрамасының Азия-2026 ойындарының жалпы медальдар есебінде тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.
Жалпы медальдар есебінде көш бастап тұрған — Қытай: оның қоржынында 316 жүлде бар, оның 162-сі — алтын. Екінші орында Жапония (239 медаль: 71 - 83 - 85), үздік үштікті Оңтүстік Корея (134 жүлде: 33 - 39 - 62) түйіндеп тұр. Өзбекстан медальдар есебінде әлі де төртінші орында: өзбек спортшыларының еншісінде 65 жүлде (20 алтын, 23 күміс және 22 қола медаль) бар.
Еске салайық, 2 қазанда Азия ойындарының «алтынын» боксшылар Торехан Сабырхан мен Айбек Оралбай, сондай-ақ таэквондошы Тамирлан Тлеулес жеңіп алды.
Айта кетейік, Аити мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарына дейін қазақстандық боксшылар Азия ойындарында тұғырдың ең биік сатысына соңғы рет 2014 жылы Инчхонда көтерілген. 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бокстан алтын медальсыз қалған еді.