locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

АНТОНИ: \"Мен Салахтың орнын басуым мүмкін еді, бірақ Манчестер Юнайтедті таңдадым\"

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
АНТОНИ: "Мен Салахтың орнын басуым мүмкін еді, бірақ Манчестер Юнайтедті таңдадым"
ФОТО: Getty Images

Қазіргі кезде "Бетис" сапында жалға ойнап жүрген "Манчестер Юнайтедтің" бразилиялық вингері Антони кезінде "Ливерпульге" ауысуға өте жақын болғанын мойындады. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады.

- "Бұл рас. Мен «Ливерпульмен» келісімшарт жасауға өте жақын болдым, бірақ тағдырым қалай өрбитінін ешкім білмейді. Ақырында, мен "Манчестер Юнайтедті" таңдадым және онда керемет уақыт өткіздім. Бұл дұрыс шешім болды.

- Салах – көптеген жылдар бойы жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан керемет ойыншы. Ол ерекше футболшы. Қазір әлемдегі ең үздік футболшы ма, білмеймін, бірақ ол сөзсіз үздіктердің бірі және «Алтын допқа» негізгі үміткерлер қатарында", – деді Антони.

Айта кетейік, Антонидің "Ливерпульге" ауысуы туралы қауесеттер 2022 жылдың жазында тараған болатын. Сол кезде ол "Аякс" сапында өнер көрсеткен. Алайда кейіннен футболшы 95 миллион еуроға "Манчестер Юнайтедке" ауысты.

Сондай-ақ оқыңыз: ДЕРЕККӨЗ. ПСЖ Гави бойынша ұсыныс жасамақ

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie