locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Малага» Ла Лигаға жолдама алып, жаңа маусымға қатысатын клубтардың толық құрамын анықтады

2026/27 жылғы Ла Лига маусымының барлық 20 қатысушысы белгілі болды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Малага» Ла Лигаға жолдама алып, жаңа маусымға қатысатын клубтардың толық құрамын анықтады
ФОТО: Getty images

Испания чемпионатының 2026/27 жылғы маусымына қатысатын барлық команда белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ла Лигадағы соңғы жолдаманы «Малага» иеленді. Сегунда плей-оффының финалдық қарымта матчында команда «Альмерияны» 2:1 есебімен жеңді. Алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталғандықтан, қос матч қорытындысы бойынша «Малага» элиталық дивизионға жолдама алды.

Бұған дейін Ла Лигаға тікелей жолдаманы Сантандердің «Расингі» мен Ла-Коруньяның «Депортивосы» жеңіп алған болатын.

Ал 2025/26 жылғы маусым қорытындысында «Овьедо», «Жирона» және «Мальорка» жоғары дивизионмен қош айтысты.

Осылайша, Испания чемпионатының жаңа маусымына қатысатын барлық 20 команда анықталды. Ла Лиганың жаңа маусымы 2026 жылдың тамыз айының ортасында басталады.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша «Барселона» 94 ұпай жинап, ел чемпионы атанды. Екінші орынды 86 ұпаймен мадридтік «Реал» иеленсе, үздік үштікті 72 ұпай жинаған «Вильярреал» түйіндеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie