locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Англия лигасы кубогінің жартылай финалистері анықталды

ФОТО: gettyimages.com

Англияда Кубок лигасының жартылай финалына жолдама алған командалар анықталды.

Жеребе нәтижесі бойынша лондондық "Арсенал" "Ньюкаслмен", ал "Тоттенхэм" "Ливерпульмен" кездеседі.

Англия лигасының Кубогы, жартылай финал:

"Арсенал" — "Ньюкасл";
"Тоттенхэм" — "Ливерпуль".

Екі айналымнан тұратын кездесулердің алғашқы матчтары 2025 жылдың 8 қаңтарында, сәйкесінше бірінші көрсетілген командалардың алаңында өтеді. Жауапты кездесулер 5 ақпанда болады. Турнирдің финалы Лондондағы "Уэмбли" стадионында 2025 жылдың 16 наурызында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 1/4 финалда "Арсенал" өз алаңында "Кристал Пэлас" командасын 3:2 есебімен жеңсе, "Ньюкасл" "Брентфордты" 3:1 есебімен, "Ливерпуль" "Саутгемптонды" 2:1 есебімен, ал "Тоттенхэм" "Манчестер Юнайтедті" 4:3 есебімен жеңді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie