locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Африкалық бақсы Кейнге қарғыс салуға ниетті екенін мәлімдеді

Нана Кваку Бонсам Ганаға Англияға қарсы жеңіс әперуге тырыспақ
Африкалық бақсы Кейнге қарғыс салуға ниетті екенін мәлімдеді
Коллаж: Sports24.kz / x.com/iMiaSanMia

Әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Англия құрамасы Ганамен кездеседі, алайда «үш арыстанның» көшбасшысы Харри Кейнге бұл матчта оңай болмайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ганалық бақсы Нана Кваку Бонсам өз елінің құрамасына қарсы ойында Англия шабуылшысы Харри Кейннің алаңға шығуын болдырмау үшін әрекет ететінін мәлімдеді:

«Мен Кейнге жұмыс істеп жатырмын. Бұған дейін де өз мүмкіндігімді көрсеткенмін, сондықтан оны тоқтату үшін не істеу керектігін білемін. Мен оған ауыр жарақат тілеп отырған жоқпын. Бар болғаны, ол менің елімге қарсы ойнай алмайтындай болады. Өз жұмысымды Ганаға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын», — деді Кваку.

Еске сала кетейік, әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Кейн Хорватия қақпасына дубль жасап, Англияға 4:2 есебімен жеңіске жетуге көмектесті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie