Құрметке лайық. Мбаппе «Қайратқа» хет-трик жасағаннан кейін Чемпиондар лигасының апта ойыншысы атанды
Килиан дауыс беруде Холандты, Хойлундты және Петтер Хаугені басып озды
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Мадридтік «Реалдың» жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турының үздік ойыншысы атанды.
30 қыркүйекте француз шабуылшысы Алматыда өткен матчта «Қайрат» қақпасына үш гол соғып, «Реалға» 5:0 есебімен ірі жеңіс әкелді.
Қорытынды дауыс беруде Мбаппе Расмус Хойлундты («Наполи»), Йенс Петтер Хаугені («Буде-Глимт») және «Манчестер Ситидің» жұлдызы Эрлинг Холандты басып озды. Олар сәйкесінше екінші, үшінші және төртінші орындарға ие болды.
Биылғы маусымда Килиан мадридтік команда сапында барлық турнирлерде 13 гол соқты.
Айта кетейік, бұған дейін Мбаппенің «Қайрат» ойыншыларының қайсысының ұлына өз жейдесін сыйға тартқаны белгілі болды.