«Қайратта» маусымның чемпиондық жолға «кедергі келтірген» шешуші сәті аталды
Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында павлодарлық «Ертісті» 5:0 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін «Қайрат» капитаны Александр Мартынович эксклюзивті сұхбатында Sports24.kz алматылық клубтың чемпиондық атағын қорғай алмауына себеп болуы мүмкін маусымның шешуші сәтін атады.
Алматылық команданың қорғаушысы қазіргі таңда командаға ешқандай қысым жоқ екенін атап өтті.
Маусым соңына қарай бірінші орыннан 4 ұпайлық алшақтықтың қалай пайда болғанын ой елегінен өткізген сары-қара жейделілер капитаны.
«Матч көп болды. Маусым басында да ұпай жоғалттық. Қайсыбір нақты ойынды бөліп көрсету қиын. Бірақ соңғы кезеңді айтатын болсақ, бізді есеңгіреткен сәтсіз матч «Тобылға» қарсы ойын болды».
Бұған дейін Мартынович осы маусымда чемпиондық атаққа жету мүмкіндігі туралы айта отырып, «ғажайыпқа» сенетінін мәлімдеген еді.
Еске салайық, Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры матчында алматылық «Қайрат» өз алаңында павлодарлық «Ертісті» 5:0 есебімен жеңді.
Осы жеңістен кейін алматылықтар «Ордабасыдан» 4 ұпайға қалып келеді. Андрей Мартин шәкірттерінің еншісінде 67 ұпай болса, Рафаэль Уразбахтин командасы 63 ұпай жинаған. Бұл алшақтық қыркүйек айында қалыптасты: «Қайрат» алдымен өз алаңында «Тобылдан» (1:4) жеңіліп, кейін сырт алаңда «Астанаға» (0:1) есе жіберді.
Келесі турда алматылықтар сырт алаңда «Ақтөбемен» кездеседі. Ал «Ордабасы» өз алаңында елордалық «Жеңісті» қабылдайды.