locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» ойындарына билеттер неге кенеттен арзандап кетті: клуб негізгі себебін ашық айтты

Чемпиондар лигасы ойындарының Астанаға ауысуы тек локацияны ғана емес, баға саясатын да өзгертті
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Қайрат» ойындарына билеттер неге кенеттен арзандап кетті: клуб негізгі себебін ашық айтты
ФОТО: ФК Қайрат

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қалған үй ойындары Алматыдан Астанаға көшірілген соң, жанкүйерлер стадион ауысып қана қоймай, билет бағаларының да күрт өзгергенін байқап отыр.

Жаңа баға бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай төмен болып шықты. Бұл шешім жанкүйерлер тарапынан қолдау тапқанымен, көп сұрақтар да тудырды.

Алматыдағы Орталық стадионда билеттердің бағасы орын категориясына қарай 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейінгі аралықта болған. Енді ойындар елордада өтетін болған соң, билет құны 15–50 мың теңге шегінде ғана – мұндай айырмашылықты көрген көптеген жанкүйерлер клуб неге бұған дейін, мысалы, кипрлік «Пафосқа» қарсы кездесудің алдында осындай жеңілдік жасамады деп сұрау салды.

«Қайраттың» баспасөз қызметі бастапқы бағаның УЕФА талаптарына сай белгіленгенін және оны өзгертуге мүмкіндік болмағанын түсіндірді:

«Бұған дейін хабарланғандай, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үй ойындарына арналған билет құны УЕФА бекіткен баға саясатына сәйкес белгіленеді және өзгертілмейді. Бұл ережелер арнайы Алматыдағы Орталық стадионда ойын өткізуге арналған болатын. Аталған шарттар аясында бағаны қайта қарау мүмкін болмады. Алайда, Алматыда қыста ауа райының қолайсыз болуына байланысты матчтарды Астанаға ауыстыру УЕФА-мен келісілді. Осылайша, стадион мен оған байланысты талаптар өзгерді. Жаңа алаң клубқа баға саясатын қайта қарап, билеттерді қолжетімді етуге мүмкіндік берді», — деп мәлімдеді клуб Kazinform сайтына берген сұхбатында.

Астанада «Қайрат» 2025 жылдың желтоқсанында Грецияның «Олимпиакосымен» кездеседі, ал 2026 жылдың қаңтарында Бельгияның «Брюгге» клубын қабылдайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie