locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» Миланда есепті теңестірді! Бұл – «Интердің» биылғы маусымдағы алғашқы жіберген добы

Алматылықтар екінші тайстың басында күтпеген жерден есепті теңестірді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
«Қайрат» Миланда есепті теңестірді! Бұл – «Интердің» биылғы маусымдағы алғашқы жіберген добы
ФОТО: Трансляциядан скриншот

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі италиялық «Интер» мен алматылық «Қайрат» арасындағы матчтың екінші тайсының басында қонақтар есепті теңестіре алды.

Бірінші таймнан кейін таблодағы есеп 1:0, италиялық клубтың пайдасында. Бірінші таймдағы жалғыз голдың авторы – алаң иелерінің капитаны Лаутаро Мартинес.

Екінші тайстың басында алматылықтар бұрыштама тебуге мүмкіндік алды. Корнерден кейін Арад әуедегі допқа таласта қарсыласынан озып, қақпаның алыс бұрышына дәл соққы жасады. Ян Зоммер қақпада қозғалмастан қалып, доптың торға домалап кіргенін бақылап тұрды – 1:1.

Ойын жалғасуда. Матч Миландағы Джузеппе Меацца атындағы стадионда өтіп жатыр. Ойынды тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасынан көре аласыз.

Ойынның ең қызықты сәттерін Telegram-дағы Sports24.kz! арнасынан live режимінде тамашалаңыз.

Чемпиондар лигасы. 4-тур

«Интер» – «Қайрат» – 1:0 (бірінші тайм)

Гол: Мартинес, 45

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie