locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» футболшысының ұлына Мбаппе жейдесін сыйға тартқаны белгілі болды

Гиорги Зарияның ұлы – бақытты жан
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
«Қайрат» футболшысының ұлына Мбаппе жейдесін сыйға тартқаны белгілі болды
«Қайрат» футболшысының ұлына Мбаппе жейдесін сыйға тартқаны белгілі болды

Мадридтің «Реал» командасының әйгілі француз шабуылшысы әрі Франция ұлттық құрамасының капитаны Килиан Мбаппе Алматыда өткен Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы жеңісті матчтан кейін (0:5) алматылықтардың жартылай қорғаушысы Гиорги Зарияның кішкентай ұлына өз жейдесін тарту етті.

Бұл туралы 28 жастағы «Қайрат» ойыншысының жұбайының Instagram парақшасында белгілі болды.

Тео Инасаридзе ұлын 26 жастағы Мбаппе және оның жейдесімен бірге түскен суретін жариялады.

Сондай-ақ, Инасаридзе «Реалға» қарсы Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч кезінде түсірілген бірнеше фотосуретті бөлісті.

Ал Гиорги Зария мадридтіктерге қарсы өткен кездесуде қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

««Реалға» қарсы Чемпиондар лигасындағы дебют. Армандар орындалады. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге рақмет», – деп жазды «Қайраттың» жартылай қорғаушысы.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie