locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» Чемпиондар лигасы тарихындағы ең шығыста орналасқан клуб атанды

Алматылықтар «Селтикті» сенсациялық түрде жарыстан шығарып, алғаш рет басты еурокубоктың негізгі кезеңіне жолдама алды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Қайрат» Чемпиондар лигасы тарихындағы ең шығыста орналасқан клуб атанды
ФОТО: ФК Қайрат

Алматылық «Қайрат» еуропалық футбол тарихына өз атын жазды.

Команда тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті және турнир тарихында осы сатыға жеткен ең шығыстағы клуб болды.

Плей-офф кезеңіндегі жауапты ойында қазақстандықтар Шотландияның «Селтигін» қабылдады. Алғашқы матчтағыдай, негізгі және қосымша уақыт тең есеппен аяқталды — 0:0. Тағдырды пенальти сериясы шешіп, онда «Қайрат» 3:2 есебімен басым түсті.

Кештің басты кейіпкері қақпашы Темірлан Анарбеков болды. Ол үш бірдей пенальтиді қайтарып, алматылықтарға тарихи жолдаманы сыйлады. Жанкүйерлер оның әрбір сейвін нағыз ерлік ретінде қабылдады, ал жеңісті — бүкіл қазақстандық футболдың тарихи жетістігі деп бағалады.

«Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып қана қоймай, турнирдің ең шығыстағы өкілі атанды. Бұл енді «Реал Мадрид», «Бавария» немесе «ПСЖ» секілді алпауыт клубтардың Қазақстанның жүрегіне — Алматыға келуі мүмкін дегенді білдіреді. Ел футболы үшін бұл — бар болғаны екінші осындай жағдай. Бұған дейін 2015 жылы «Астана» ғана топтық кезеңге өткен еді.

Сондай-ақ Нұралы Әліп пен Максим Самородов «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи жетістігіне пікір білдірді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie