«Қайрат» – «Селтик» – 0:0 (пен. 3:2). Анарбеков командасын ЧЛ-ның топтық кезеңіне қалай алып шықты. Матчқа бейнешолу
21 жастағы қаһарман Қазақстанды Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығарды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Қайрат ФК
26 тамыз күні алматылық «Қайрат» Қазақстан футболының тарихына алтын әріптермен жазылар сәтті сыйлады – клуб алғаш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Алматының Орталық стадионында өткен плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы жауапты ойында негізгі және қосымша уақыт 0:0 есебімен аяқталып, матч пенальти сериясында шешілді.
Осы кештің басты қаһарманы – 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков болды. Жас қақпашы үш бірдей соққыны қайтара отырып, «Қайратты» иығына салып топтық кезеңге жеткізді. Бұл клуб үшін жай ғана жеңіс емес – шынайы серпіліс: бұған дейін алматылықтар екінші іріктеу кезеңінен әрі аса алмаған еді.
Сіздердің назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.