locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Канчельскис «Қайраттың» триумфы жайлы: Чемпиондар лигасы – бұл бедел мен зор тәжірибе

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубты жеңісімен құттықтады
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Канчельскис «Қайраттың» триумфы жайлы: «Чемпиондар лигасы – бұл бедел мен зор тәжірибе»
ФОТО: ФК Қайрат

«Манчестер Юнайтед» пен «Рейнджерстің» экс-ойыншысы, сондай-ақ Қостанайдың «Тобылының» бұрынғы спорт директоры Андрей Канчельскис «Қайраттың» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне сенсациялық жолдама алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».

– «Кез келген футболшы үшін Чемпиондар лигасында өнер көрсету – бұл тек бедел ғана емес, сонымен қатар орасан зор тәжірибе. «Қайрат» үшін қатты қуаныштымын. Әсіресе, олардың менің басты қарсыласым «Селтикті» жеңгені ерекше әсер етті. Жігіттерге тек алға басуды және жаңа жетістіктерді тілеймін», – деді Канчельскис.

Айта кетейік, алматылық клуб шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында (3:2) ұтып, турнирдің негізгі кезеңіне өтті. Енді «Қайратқа» «Реал Мадрид», «Бавария», «Манчестер Сити» немесе «Барселона» секілді алпауыт клубтар қарсылас болуы мүмкін.

Сондай-ақ Асхат Тағыберген «Селтикпен» ойындағы «Қайраттың» жетістігі туралы.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie