«Қайрат» Брюссельде камбэк жасай ала ма? Матчты қайдан көруге болады
27-нен 28 тамызға қараған түні Брюссельде Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясындағы «Андерлехт» пен алматылық «Қайрат» арасындағы қарымта матч өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу «Констант Ванден Сток» стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 23:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.
Алматыда өткен алғашқы ойында «Қайрат» 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Есепті матчтың екінші минутында Яакко Оксанен өз қақпасына гол соғып ашты. 24-минутта Лукаш Амброс бельгиялық команданың басымдығын еселесе, бірінші таймға қосылған уақытта Даниил Сикан есепті ірі деңгейге жеткізді.
- Матчтың барлық маңызды сәттерін Telegram-дағы Sports24.kz арнасынан live режимінде тамашалауға болады.
Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады, ал жеңілген команда Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетуді жалғастырады.
«Қайрат» биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар лигасында бастады. Үшінші іріктеу кезеңінде болгариялық «Левскиден» 0:2 есебімен жеңілгеннен кейін алматылық клуб күресін Еуропа лигасында жалғастырды.