Сэйф Попов «Ақтөбеге» ауысуға жақын
Тараптар келісімшарттың егжей-тегжейін талқылауда.
Эксклюзивтер
Темірбеков Самрат
Журналист
ФОТО: КФФ
«Алтай Өскемен» және Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Сэйф Попов мансабын «Ақтөбе» сапында жалғастырады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Күтілгендей, шабуылшы алдағы күндері «қызыл-ақтармен» келісімшартқа қол қояды.
Айта кетейік, ойыншы Қазақстан чемпионатының бірінші айналымында өзін жақсы қырынан көрсетті. «Алтай» сапында тоғыз матч өткізіп, екі гол соғып үлгерді.
- Сондай-ақ оқыңыз: Суперкомпьютердің 13-турдағы КПЛ матчтарына болжамы: «Қайратты», «Астананы» және «Ақтөбені» не күтіп тұр?
21 жастағы шабуылшы дриблингке әрекет жасау саны бойынша КПЛ көшбасшыларының қатарында болды. Футболшы «Қайрат» клубының түлегі.
КПЛ-дегі 12 турдан кейін «Ақтөбе» турнирлік кестеде 16 ұпаймен жетінші орында тұр.
