locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мұндай сезімді сөзбен жеткізу қиын»: «Канело» Мбиллиді жеңгеннен кейін әсерімен бөлісті

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Кристиан Мбиллиді жеңіп, WBC чемпиондық белбеуін қайтарып алғаннан кейінгі әсерімен бөлісті
Бокс
«Мұндай сезімді сөзбен жеткізу қиын»: «Канело» Мбиллиді жеңгеннен кейін әсерімен бөлісті
ФОТО: Getty images

36 жастағы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен чемпиондық жекпе-жекте франциялық Кристиан Мбиллиді жеңгеннен кейін өз қуанышын жасырмады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Айқастан соң Альварес чемпиондық белбеуді қайта иелену өзі үшін ерекше маңызды екенін айтып, осы жетістікке жетуіне көмектескен жақындары мен командасына алғысын білдірді.

«Мұндай сезімді сөзбен жеткізу қиын. Бұл – керемет сәт! Жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуімді қайтарып алғаныма өте қуаныштымын. Мбилли – мықты қарсылас. Ол ауыр соққыларды көп жасады, бірақ ақырында жеңіске мен жеттім. Мені қолдаған барлық жанкүйерге, әрдайым жанымнан табылған отбасыма және командама алғыс айтқым келеді», – деді Альварес.

Мексикалық боксшы алдағы жоспарына да тоқталып, әзірге спорттық мансабын аяқтау ойында жоқ екенін жеткізді.

«Алдағы уақытта да аянбай еңбек етіп, өз ісімді жалғастырамын. Қазір бір-екі апта демалып, содан кейін қайта ораламын», – деп қосты «Канело».

Еске салайық, 1 қарашаға қараған түні Сауль Альварес Эр-Риядтағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Кристиан Мбиллимен кездесті. Қос спортшы екінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды.

Франциялық боксшы айқасты белсенді бастағанымен, кездесу барысында Альварес басымдықты өз қолына алды. Жетінші раундта мексикалық спортшы қарсыласын жойқын апперкотпен есеңгіретті. Ал сегізінші раундта желкеден соққы жасағаны үшін Мбиллиден бір ұпай шегерілді.

12 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен «Канелоның» жеңісімен аяқталды. Осылайша Альварес кәсіпқой мансабындағы 64-жеңісіне қол жеткізіп, 2025 жылдың қыркүйегінде Теренс Кроуфордтан жеңілгеннен кейін айырылған WBC чемпиондық белбеуін қайтарып алды.

Ал Кристиан Мбилли кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie