locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Санжар Ташкенбай кәсіпқой рингтегі дебюті алдында маңызды мәлімдеме жасады

Бүгін Астанада топтық бокс турнирі өтеді
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Санжар Ташкенбай кәсіпқой рингтегі дебюті алдында маңызды мәлімдеме жасады
ФОТО: olympic.kz

Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Ташкенбай Астанада өтетін IBA Nomad турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында алдағы жекпе-жекте жақсы бокс көрсетуге дайын екенін айтты. Қазақстандық боксшы филиппиндік Нил Хакамосқа (7-1, 1 КО) қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді. Кездесуде бірінші аса жеңіл салмақтағы IBF Asia чемпионының бос титулы сарапқа салынады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Бұл — кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегім. Жеңіске жету үшін бар күшімді саламын және қазақстандық жанкүйерлерді қуанту үшін өзімнің ең жақсы қасиеттерімді көрсетуге тырысамын. АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынынан кейін жекпе-жек өткізуім керек болды. Әуесқойлар арасында өнер көрсетуді жалғастырамын. Мен де кез келген спортшы секілді Олимпиада ойындарында жеңіске жетуді армандаймын», — деді Санжар Ташкенбай.

Сондай-ақ турнир аясында Сәкен Бибосынов (2-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Намибия өкілі Иммануэль Джозеф (18-4-1, 7 КО) болады.

Тікелей трансляция Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Оны YouTube платформасынан көруге болады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie