locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Еркебулан Токтарға IBA Nomad турнирінде Астанада оңай жеңіс болжануда

Қазақстанның ең танымал файтері елордада өтетін топтық турнирде өнер көрсетеді
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Еркебулан Токтарға IBA Nomad турнирінде Астанада оңай жеңіс болжануда
ФОТО: Getty Images

Ресейлік ММА сарапшысы, журналист әрі «Вестник ММА» жобасының жетекшісі Михаил Крамер Астанада өтетін IBA Nomad турнирінде қазақстандық файтер Еркебулан Токтардың алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Айта кетейік, 28 тамызда Токтардың бокс жекпе-жегіндегі қарсыласы Өзбекстан өкілі Бобиржон Исроилов болады. Ол «Испанчик» лақап атымен танымал.

Токтардың қарсыласы несімен танымал?

Исроиловтың кәсіпқой бокста екі жекпе-жегі бар және екеуінде де жеңіске жеткен. Сондай-ақ өзбекстандық спортшының ММА-да тәжірибесі бар — OCTAGON лигасында төрт жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіске жеткен. Бұдан бөлек, «Испанчик» әлеуметтік желілерде де үлкен танымалдыққа ие — оның Instagram парақшасына 800 мыңнан астам адам жазылған.

«Оның қазіргі қарсыласы Бобиржонға қатысты да жағдайды өз атымен атаған жөн. Оның белгілі бір спорттық тәжірибесі бар, соның ішінде бокста кәсіпқой деңгейде өнер көрсеткен. Алайда ММА-дағы қарсыластарының деңгейі аса жоғары болған жоқ. Сонымен қатар, ол да блогер әрі айтарлықтай танымал тұлға. Шынымды айтсам, Исроиловтың бұл жекпе-жекте үлкен мүмкіндігін көріп тұрған жоқпын. Матчмейкерлер қарсыласты әуел бастан көрермендер Еркебулан Токтардың жарқын әрі сенімді жеңісін көруі үшін таңдаған деп ойлаймын», — деді Михаил Крамер.

Сарапшы Еркебулан Токтардың сапына қосылуы IBA Nomad промоутерлік компаниясы үшін үлкен олжа екенін атап өтті. Себебі файтер кез келген турнирге аудиторияның орасан зор қызығушылығын тудыра алады.

«Мен Еркебулан Токтардың спорттық тәжірибесі әзірге аса жоғары емес екенін бірнеше рет айттым. Бірақ сонымен бірге оның соққысы өте мықты. Мен онымен бірге жаттығып, спарринг өткізген көптеген спортшымен сөйлестім, олардың арасында бәсекеге қабілетті кәсіпқой файтерлер де болды. Сол Жуман Жумабеков те оның соққысының күшін атап өткен. Еркебуланның соққысы шынымен ауыр. Егер дәл тигізсе, тіпті кәсіпқой спортшыны да қатты есеңгірете алады. Қалған қырларында әзірге кемшіліктері бар, бірақ оның ең мықты қаруы — соққысы. Еркебулан Токтар оңай жеңіске жететініне сенімдімін», — деп қосты Михаил Крамер.

Бұған дейін Еркебулан Токтар UFC аңызы Тони Фергюсонға қарсы жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Файтер бұл кездесуді Шымкенттегі «Ордабасы» клубының стадионында өткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ Еркебулан Токтар UFC-де бағын сынауды жоспарламайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie