locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Доскараев Рыбакина мен Соболенконың әлемнің бірінші ракеткасы атағы үшін күресі туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін бастауға жақын
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Доскараев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Аринa Соболенкоға қарсы әлемнің үздік теннисшісі атағы үшін тартыстағы мүмкіндіктері туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Армандағы бір қадам

Рыбакина WTA 1000 санатындағы Цинциннати (АҚШ) турнирінде рейтинг көшін бастауға мүмкіндігі болған еді, алайда қазақстандық теннисші жарақатына байланысты Польша өкілі Ига Швьонтекпен ширек финалдағы матчты жалғастырудан бас тартып, WTA рейтингінің бірінші орнына шығу мүмкіндігін жіберіп алды. Енді бұл мүмкіндік АҚШ ашық чемпионатында (US Open) сәтті өнер көрсетсе іске асуы мүмкін. Ол үшін Рыбакина турнирдің жартылай финалына шығуы тиіс. Сонымен қатар, егер Беларусь теннисшісі Арина Соболенко, сондай-ақ америкалықтар Коко Гауфф пен Джессика Пегула US Open-ды жеңе алмаса, қазақстандық та әлемнің бірінші ракеткасы атана алады.

«Рыбакина есімін алтын әріппен тарихқа жазды»

Сондай-ақ, Рыбакинаның басты қарсыласы Арина Соболенко қиын жағдайда тұрғанын түсіну маңызды, себебі оған US Open 2025 жарысында жеңіске жеткені үшін 2000 ұпайды қорғау қажет.

«Біз басынан-ақ бұл сәттің қаншалықты маңызды болатынын түсіндік. Жыл басында Елена Australian Open-ды ұтқан кезде-ақ, оның әлемдік рейтингтің бірінші сатысы үшін күресуге нақты мүмкіндігі бары анық болды. Бұл орын еліміз үшін, Қазақстан теннисінің дамуы үшін бұрын-соңды болмаған тарихи оқиға. Еленаның есімі қазірдің өзінде алтын әріппен Қазақстан ғана емес, әлемдік спорт тарихына жазылды. Ол – үздік ойыншылардың бірі, әлемде жанкүйерлері өте көп», – деді Диас Доскараев.

Рыбакина – қазақстандық жас теннисшілерге үлгі

Доскараев Елена Рыбакинаның халықаралық спорт аренасындағы жетістіктері Қазақстанда теннистің танымалдығының артуына және жас спортшылар үшін үлкен ынталандыруға айналғанын атап өтті.

«Әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігі белгілі бір психологиялық ауыртпалық әкеледі. Әрі бұл сәтке аз ғана уақыт қалды: егер Аринa былтырғы нәтижесін қорғай алмаса, ал Елена сәтті ойнаса – бәрі өзгеруі мүмкін. Лена робот емес, ол да мұны ойлайды, кортқа белгілі бір үмітпен шығады. Меніңше, оның биылғы кейбір жеңілістері, оның ішінде Уимблдондағы, дәл осы фактормен байланысты болуы мүмкін.

Бәріміз осы сәтті күтіп жүрміз. Еленаның қазірдің өзінде әлемнің екінші ракеткасы атануы, көптеген титулдар мен екі Grand Slam турнирін жеңіп алуы – бұл таңғажайып жетістік. Егер Қазақстаннан шыққан әлемнің бірінші ракеткасы тарихта пайда болса, бұл сөзсіз ерекше оқиға болмақ. Дегенмен, біз алдын ала ештеңе болжамай, тек сәттілік тілейміз», – деді Диас Доскараев.

Бұған дейін Елена Рыбакина маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» – US Open қарсаңында өз денсаулығы туралы айтып өтті. Қазақстандық теннисші қазіргі уақытта алдыңғы турнирде алған жарақатынан кейін қалпына келуге басымдық беріп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Рыбакина Қазақстан құрамасына Билли Джин Кинг Кубогының финалдық кезеңінде көмектеседі деп күтілуде. Бұл турнир 22–27 қыркүйек аралығында Қытайда өтеді.

Айта кетейік, АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңі 30 тамызда басталады

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie