locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Брутальды лига»: «Бернли» бапкері Дастан Сәтпаевтың жарақаты туралы айтты

Маман қазақстандық шабуылшының алаңдағы үлкен ынтасын атап өтті
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images
Чемпионшип Англия
02.09.2026, Аяқт.
Бернли
1
Мидлсбро
1

«Бернли» бас бапкері Ники Хайен Sports24.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ағылшын Чемпионшипінің төртінші турында «Мидлсброға» қарсы матчтағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берді.

Еске салайық, кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

«Бернли» шабуылшысы Дастан Сәтпаев матчты негізгі құрамда бастап, алаңда 80 минут өткізді. Ойын соңына қарай жарақатына байланысты ауыстырылды. Қазақстан құрамасының ойыншысы «Бернли» сапындағы матчтың үздік футболшысы атанды.

«Бізге медициналық тексеруден өту керек болады. Оның аяғы жай ғана тартылып қалған сияқты. Ол жақсы матч өткізді. Мен ол үшін, сондай-ақ 18 жастағы жігіттің команданың басқа футболшыларына үлгі болып жүргені үшін өте қуаныштымын. Жалпы, Дастан үлкен ынта көрсетті, ойынға белсенді араласып, бірнеше қауіпті сәт жасады. Командадағылардың бәрі оны, оның қаншалықты қарапайым екенін құрметтейді. Ол өте жақсы, ақжарқын жігіт. Дастан көп еңбектенеді және алаңда ойынға өзгеріс енгізуге тырысады», – деді Ники Хайен.

Маман Сәтпаевтың Англия чемпионатындағы ойын жағдайына және жаңа талаптарға бейімделуі туралы да пікір білдірді.

«Иә, ол бейімделіп келеді. Бірақ Англияда футболдың өте қатал, брутальды лига екенін білесіздер. Сондықтан біз оны қорғауға да тырысамыз. Бұл әрдайым жүзеге аса бермейді. Оның жеңіл жарақаты бар, бұл – бұлшықеттің құрысуы. Дегенмен, оның арты ауыр зардапқа әкелмейді деп үміттенеміз. Ешкім оның жарақаты ұзаққа созылғанын қаламайды. Оның 90 минут бойы ойнап жүргенін көріп отырсыздар. Бұл тәжірибелі футболшылардың өзіне оңай емес, жас ойыншы үшін тіпті қиын», – деп қосты «Бернли» бапкері.

Ағылшын Чемпионшипінің келесі турында «Бернли» «Бристоль Ситиге» қарсы ойнайды. Кездесу 5 қыркүйекте өтеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie