«Астанада» ҚПЛ-дегі «Ордабасыдан» жеңілгеннен кейінгі жағдайды айтты
«Астананың» хорватиялық қорғаушысы Карло Бартолец Sports24.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясында «Ордабасыдан» жеңілгеніне пікір білдірді.
«Менің ойымша, біз бұл жерге үш сары қағазы бар бірнеше ойыншымен келдік. Сондықтан тактикалық сызбаны өзгертіп, басқа стильде ойнадық. Бар күшімізді салдық. Қарсыластың жанкүйерлері керемет қолдау көрсетті – стадион лық толы болды. Оның үстіне олар бірінші орын үшін күресіп жатыр. Әрине, бұл сырт алаңдағы қиын матч. Бірақ біз қолдан келгеннің бәрін жасадық. Нәтижесінде бір гол жіберіп алдық», – деді Карло Бартолец.
Еске салайық, «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясында «Астананы» 1:0 есебімен жеңді. Қазір шымкенттік клубтың еншісінде 58 ұпай бар және ол ҚПЛ турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.