locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы бокс бойынша Азия-2026 ойындарына қатысатын құрамын жариялады

Қазақстандық боксшылар Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарында бақ сынайды
ФОТО: коллаж

Жапонияның Айти — Нагоя өңірінде өтетін XX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның бокс құрамасы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бокс турнирі 21 қыркүйекте басталады. Жарыс алдында Қазақстан құрамасы бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Ұлттық құраманың сапы:

Ерлер:

  • 55 келіге дейін — Махмуд Сабырхан;
  • 60 келіге дейін — Оразбек Асылқұлов;
  • 70 келіге дейін — Торехан Сабырхан;
  • 80 келіге дейін — Сабыржан Аққалыков;
  • 90 келіге дейін — Нұрбек Оралбай;
  • 90 келіден жоғары — Айбек Оралбай.

Әйелдер:

  • 51 келіге дейін — Алуа Балкибекова;
  • 54 келіге дейін — Назым Қызайбай;
  • 60 келіге дейін — Виктория Графеева;
  • 65 келіге дейін — Аида Әбікейева;
  • 75 келіге дейін — Наталья Богданова.

Айта кетейік, 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындары Жапониядағы 53 спорт нысанында өтеді. Жарыстар Айти мен Нагоядан бөлек, Токио, Осака, Сидзуока және Гифу префектураларында ұйымдастырылады.

Ойындар бағдарламасына спорттың 43 түрі мен 71 дисциплина енгізілген. Спортшылар 469 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасында шамамен 560 спортшы болады деп күтілуде.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie