locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тимур Нұрсейітов бокстан Әлем кубогының ширек финалына шықты

Қазақстандық былғары қолғап шебері ирландиялық қарсыласын жеңді
ФОТО: ДРС

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тимур Нұрсейітов 1/8 финалда ирландиялық спортшы Таиг О’Доннеллмен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Екі боксшы да аса сақтықпен қимылдап, бір-бірінің шабуылын аңдып, үш раунд бойы тартысты барлаумен өтті.

Нәтижесінде төрешілердің бөлек шешімімен (3:2) жеңіс қазақ боксшысына бұйырды.

Бұған дейін өз жекпе-жектерін Серік Теміржанов пен Сабыржан Аққалықов, сондай-ақ Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай да жеңіспен аяқтады.

World Boxing Әлем кубогы Қытайдың Гуйян қаласында 15-21 маусым аралығында өтуде. Додаға әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысып жатыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie