locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Соңына дейін барамын» – Сұлтан Заурбек IBF титулы үшін үміткерлік жекпе-жегі туралы

Жекпе-жек 26 қыркүйекте Аустралияның Квинсленд штатында өтеді
ФОТО: соцсети Султана Заурбека

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек алда келе жатқан аустралиялық Джексон Инглэндпен болатын жекпе-жек жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жекпе-жек 26 қыркүйекте Квинслендте (Аустралия) өтеді. Бұл кездесуде – IBF нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер статусы сарапқа салынады.

Заурбек алдағы айқастың афишасын Instagram парақшасында жариялап, өз дайындығы мен көңіл-күйімен бөлісті.

«1 жыл. 365 күн. Бір мақсат. Бір жыл бойы осы күнді күттім. Әр күн дайындалып, ауыр жаттығулардан өттім, өзімді сынға салдым. Міне, көптен күткен сәт те келді. Айқас уақыты. Енді сөзден іске көшетін кез. Бар еңбегімнің нәтижесін рингте көрсетемін. Бір жыл күттім. Енді соңына дейін барамын», – деді ол.

Бастапқыда Заурбек пен Инглэнд арасындағы кездесу 27 маусымға жоспарланған еді, кейін ол 17 шілдеге ауыстырылды. Одан кейін айқас тағы да кейінге шегерілді. Енді екі тарап жаңа күнге келісті – 26 қыркүйек.

Заурбек туралы не белгілі

Сұлтан Заурбек аустралиялық қарсыласымен болатын кездесуге 20 жеңістен (оның 13-і нокаутпен) тұратын кәсіби рекордпен келіп отыр. Соңғы рет қазақстандық былғары қолғап шебері 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада жұдырықтасты.

Ол кезде Заурбек Оңтүстік Африка өкілі Азинга Фузилені төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, IBF Continental белбеуін иеленді.

28 жастағы Заурбек үшін бұл алдағы жекпе-жек IBF нұсқасы бойынша толыққанды чемпиондық айқасқа апарар маңызды кезең болмақ.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie