locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мұндай шоу көрсете алмаймын»: Бибосынов IBA турнирінде Тоқтардың шығуын қайталағысы келе ме деген сұраққа жауап берді

Әлемнің екі дүркін чемпионы жекпе-жек алдында ауқымды шоу ұйымдастыруға ұмтылмайтынын айтты
ФОТО: sportarena.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында Астанада IBA Nomad лигасы ұйымдастырған International Boxing Day турниріндегі кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

29 жастағы Түркістан өкілі Намибиядан келген тәжірибелі боксшы Иммануэль Йозефпен сегіз раундтық жекпе-жек өткізді. Бибосынов алғашқы минуттардан-ақ бастаманы өз қолына алып, жекпе-жек бойы қарсыласынан белсендірек қимылдады.

Қазақстандық боксшы жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтай алмады, алайда сегіз раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан оған жеңіс берді. Осылайша, Бибосынов кәсіпқой бокстағы үш жекпе-жегінің үшеуінде де жеңіске жетті.

Жекпе-жектен кейін Бибосыновтан Еркебұлан Тоқтар секілді рингке шығар алдында осындай ауқымды шоу ұйымдастырғысы келе ме деп сұралды.

«Мен “Дала Сұңқарымен” шықтым. Алдағы жекпе-жектерде көре жатармыз. Мұндай шоу көрсете алмаймын. Қазақтардың күшін, рухын әлемге қарапайым түрде көрсеткім келеді. Бивол сияқты қарапайым болып, әдемі бокс көрсеткім келеді», – деді Сәкен.

Бұған дейін Бибосынов кәсіпқой бокс ережесі бойынша екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен: бір кездесуін нокаутпен аяқтаса, екіншісінде төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Әуесқойлар деңгейінде Сәкен – әлемнің екі дүркін чемпионы. Ол 2021 және 2025 жылдары әлем чемпионаттарында алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ қазақстандық боксшы 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie