Дана Уайт Конор Макгрегордың UFC-дегі соңғы жекпе-жегіне ерекше орын таңдады
UFC президенті Дана Уайт ирландиялық файтер Конор Макгрегордың қоштасу жекпе-жегін ерекше аренада өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
Промоушен басшысының айтуынша, ұйым Макгрегордың осы алаңда жекпе-жек өткізу мүмкіндігін талқылаған. Уайт ирландиялық файтерге туған жерінде ауқымды шоу ұйымдастырғысы келеді.
«Мен «Кроук Парк» туралы көп жылдан бері айтып келемін. Конор Макгрегордың онда жекпе-жек өткізу мүмкіндігін талқыладық. Мен әрдайым мүмкін болған ең ауқымды жекпе-жектерді ұйымдастыруға тырысамын. Сондықтан «Кроук Парк» тамаша алаң болар еді», - деді Уайт.
Айта кетейік, «Кроук Парк» стадионы Дублинде орналасқан және шамамен 82 мың көрерменді сыйдырады. Мұнда гэль футболы бойынша матчтар, сондай-ақ жекелеген футбол кездесулері өтеді.
Макгрегор бұған дейін октагонға 2027 жылы оралатынын және UFC аясында америкалық Макс Холлоуэйге қарсы тағы бір жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген болатын.
Ирландиялық файтер соңғы рет 2026 жылғы шілдеде Лас-Вегаста өткен UFC 329 турнирінде өнер көрсетіп, сол америкалық Макс Холлоуэймен жұдырықтасты. Макгрегор аяғын жарақаттап алған соң, жекпе-жек Холлоуэйдің техникалық нокаутпен жеңуімен аяқталды.