locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ливерпуль» жұлдызы «Ювентусқа» ауысу туралы қауесеттен кейін болашағына қатысты мәлімдеме жасады

«Ливерпульдің» бразилиялық қақпашысы Алиссон Бекер Англия клубындағы мансабын жалғастырғысы келетінін айтты. 34 жастағы футболшының қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазында аяқталады.
Футбол
«Ливерпуль» жұлдызы «Ювентусқа» ауысу туралы қауесеттен кейін болашағына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Ливерпуль

«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Бекер Англия Премьер-лигасындағы «Кристал Пэласқа» қарсы матчта жеңіске жеткеннен кейін болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Sky Sports мәліметінше, жаңа келісімшартқа қатысты белгісіздікке қарамастан, бразилиялық қақпашы мерсисайдтық клуб сапында қалуға ниетті.

Алиссон Англияда өзін жайлы сезінетінін және командадан кетуді басым нұсқа ретінде қарастырмайтынын мойындады. Дегенмен түпкілікті шешім клуб басшылығымен өтетін келіссөздерге байланысты болады.

«Мен қалғым келеді. Мұнда өзімді жақсы сезінемін, отбасым бақытты. Әлі де жүлде жеңіп алып, мүмкіндігінше ұзақ уақыт ең жоғары деңгейде өнер көрсетуді мақсат етемін», — деді бразилиялық.

Қақпашы өкілінің «Ливерпульмен» келіссөз жүргізіп жатқанын да растады. Ал футболшының өзі әзірге клубпен жаңа келісімнің шарттарын тікелей талқылаған жоқ.

Еске салайық, өткен жазда «Ювентус» Алиссонға қызығушылық танытқан болатын. Алайда ағылшын клубы келісімшартты тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігін пайдаланып, тәжірибелі қақпашыны құрамда сақтап қалды.

Бразилиялық 2018 жылдан бері «Ливерпуль» сапында өнер көрсетіп келеді. Ол кезде «Ромадан» ауысқан еді. Осы уақыт ішінде команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, Чемпиондар лигасы мен Англия Премьер-лигасын қоса алғанда, көптеген жүлде жеңіп алды.

Осы маусымда Алиссонның жағдайын грузиялық қақпашы Георгий Мамардашвилимен бәсекелестік күрделендіріп отыр. Соған қарамастан, бразилиялық ойын тәжірибесін алып, мерсисайдтықтар сапында өнер көрсетуді жалғастыруға ниетті.

«Кристал Пэласқа» қарсы соңғы матчта Алиссон бірнеше маңызды сейв жасап, командасына 3:1 есебімен жеңіске жетуге көмектесті.

Енді тәжірибелі қақпашының алдағы тағдыры оның өкілдері мен «Ливерпуль» басшылығы арасындағы келіссөздердің нәтижесіне байланысты болмақ.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie