locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Есеп 3:0 болып тұрғанда Месси күлді, бірақ қарсыластары «Интер Майамиді» керемет камбэкпен жазалады

Аргентиналық футболшы MLS чемпионатында «Шарлоттқа» қарсы матчта жеңісті уысынан шығарып алғаннан кейін қызу талқыға түсті.
Футбол
Есеп 3:0 болып тұрғанда Месси күлді, бірақ қарсыластары «Интер Майамиді» керемет камбэкпен жазалады
Фото: Интер Майами

«Интер Майамидің» шабуылшысы Лионель Месси MLS тұрақты чемпионатының соңғы турында «Шарлоттпен» өткен матчтың (3:3) күтпеген нәтижесінен кейін әлеуметтік желілерде мазаққа қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матч кезінде командасы 3:0 есебімен сенімді басымдыққа ие болған сәтте камералар аргентиналық футболшының күлімсіреп тұрғанын түсіріп алды. Әлеуметтік желінің кейбір қолданушылары «Алтын допты» сегіз рет иеленген футболшы қарсылас ойыншыларын келемеждеді деп топшылады.

Алайда үзілістен кейін жағдай күрт өзгерді. «Шарлотт» жауапсыз үш гол соғып, тамаша камбэк жасап, алаң иелерін жеңістен айырды.

Қорытынды ысқырықтан кейін Мессидің реакциясы түсірілген видео интернетте қайта тарады. Аргентиналық футболшының қарсыластарының жанкүйерлері матчтың қалай аяқталғанын еске салып, оны мазақтай бастады.

Кейбір қолданушылар Месси алаңнан кетіп бара жатып, «Шарлотт» ойыншыларымен қол алыспады деп те мәлімдеді. Дегенмен оның әдейі қол алысудан бас тартқаны туралы нақты дәлел жоқ.

Бір қызығы, қосымша уақытта аргентиналық футболшы «Интер Майамиге» жеңіс сыйлай алар еді, алайда оның соққысынан кейін доп бағанаға тиді.

Басымдығын уысынан шығарып алғанына қарамастан, Мессидің командасы тұрақты чемпионатты Шығыс конференциясында екінші орынмен аяқтап, плей-оффқа жолдама алды.

39 жастағы аргентиналықтың өзі тұрақты маусымды 31 матчта соққан 26 голмен аяқтап, MLS-тің үздік сұрмергені атанды. Ол бұл жетістікке екінші жыл қатарынан қол жеткізді.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie