locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Еркебұлан Токтар мен «Испанчик» Астанадағы жекпе-жек алдында таразыға тұрды

Қазақстандық ММА файтері мен өзбекстандық муай-тайдан әлем чемпионы салмақ лимитіне сай келді
Еркебұлан Токтар мен «Испанчик» Астанадағы жекпе-жек алдында таразыға тұрды
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Токтар мен Өзбекстанның муай-тайдан әлем чемпионы Бобиржон «Испанчик» Исроилов Астанада өтетін жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Турнир ұйымдастырушылары жариялаған видеодан екі спортшының да белгіленген салмақ санатының лимитіне толық сай келгенін көруге болады.

Еске салайық, Токтар мен Исроилов 28 тамыз күні IBA Nomad турнирі аясында кездеседі. Жекпе-жек кәсіпқой бокс ережесі бойынша суперорта салмақта өтеді.

Токтар соңғы кездесуін 4 шілдеде Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде өткізді. Қазақстандық спортшы MMA қолғаптарымен бокс ережесі бойынша ресейлік поп-ММА файтері Артем Тарасовпен жұдырықтасып, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Бұған дейін Еркебұлан Токтар америкалық танымал файтер Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеген еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie