locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бір-екі күннен кейін»: Әлімханұлы Ширазбен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Ол WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Хамза Шираздың қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізетіні бір-екі күннен кейін белгілі болатынын айтты
Фото: janibek_alimkhanuly/ instagram

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазға қарсы чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізуі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Хамза Шираздың қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізетіні бір-екі күннен кейін белгілі болатынын жазды.

«Чем чаще меня называют «Кошмаром», тем больше я задумываюсь, а не становлюсь ли я и вправду настоящим кошмаром для боксеров? Через пару дней мы узнаем, настоящий ли он чемпион или только носит это звание. Поживем – увидим», - написал Алимханулы.

Әлімханұлы титулдық жекпе-жек өткізу құқығына ие болды

Бұған дейін WBO Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына байланысты үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Ұйым қазақстандық боксшының дисквалификация мерзімін қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды.

10 шілдеден бастап Әлімханұлының WBO аясында жекпе-жек өткізуіне қойылған шектеулер алынып тасталды.

14 тамызда қазақстандық боксшы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақта міндетті үміткер мәртебесін алғаны белгілі болды. Бұл дивизиондағы чемпиондық белбеу британдық Хамза Ширазға тиесілі. Тараптарға келіссөз жүргізу үшін 20 күн берілді.

Шираз WBO шешіміне наразылық білдірді

Шираздың өзі Әлімханұлын міндетті үміткер етіп тағайындау туралы ұйымның шешімін сынға алды. Британдық боксшы WBO-да сыбайлас жемқорлық болуы мүмкін екенін айтты.

Журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында Шираз ұйымның шешімін «әзіл» және «бокс үшін масқара» деп атады. Оның айтуынша, WBO бұған дейін мельдонийге оң допинг-тест тапсырған спортшыны іс жүзінде марапаттап отыр.

Сонымен қатар британдық боксшы қазақстандықпен міндетті жекпе-жек өткізбеу үшін WBO титулынан бас тарту нұсқасын қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Әлімханұлының басты мақсаты — Канеломен жекпе-жек

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмаққа ауысу үшін орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан бас тартқан болатын. Қазақстандық боксшы өзінің басты мақсаты Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу екенін бірнеше рет мәлімдеген. Мексикалық боксшы — әлемдік бокстағы жұлдыздардың бірі әрі бұрынғы абсолютті әлем чемпионы.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie