Бетербиев – Бивол 2. Эр-Риядтағы бокс кешінің қорытындылары
22-нен 23-ші ақпанға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында бокс кеші өтті.
Кештің басты жекпе-жегінде канадалық-ресейлік Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) мен ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) кездесті. Бұл жартылай ауыр салмақтағы абсолютті чемпион атағы үшін көптен күткен реванш болды. Тартысты жекпе-жек қорытындысы бойынша Дмитрий Бивол жеңіске жетті. Екі төреші жеңісті Биволға берсе, біреуі тең нәтиже қойды.
Кештің екінші басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы уақытша WBO чемпионы, Жаңа Зеландия боксшысы Джозеф Паркер (35-3, 23 КО) конголық Мартин Баколені (21-1, 16 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Тағы бір қызықты жекпе-жекте америкалық Шакур Стивенсон (22-0, 10 КО) британдық Джош Пэдлиді (15-0, 4 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді.
Бокс кешінің нәтижелері:
Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) – Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) – MD 12 (114:114, 112:116, 113:115)
Джозеф Паркер (36-3, 24 КО) – Мартин Баколе (21-2, 16 КО) – ТКО 2
Шакур Стивенсон (22-0, 10 КО) – Джош Пэдли (15-1, 4 КО) – ТКО 9
Карлос Адамес (24-1, 18 КО) – Хамза Шираз (21-1, 17 КО) – SD 12 (118-110, 114-115, 114-114)
Вёрджил Ортис (22-0, 21 КО) – Исраил Мадримов (10-1-1, 7 КО) – UD 12 (117:111, 115:113, 115:113)
Агит Кабайел (26-0, 18 КО) – Чжан Чжилеи (27-3-1, 22 КО) – ТКО 6
Каллум Смит (31-2, 22 КО) – Джошуа Буатси (19-1, 13 КО) – UD 12 (119:110, 115:113, 116:112)
Мохаммед Алакель (3-0, 0 КО) – Энхель Гомес (8-43-3, 4 КО) – UD 6 (60-54)
Зияд Альмааюф (7-0-1, 1 КО) – Жонатас Родриго Гомес (6-21, 5 КО) – UD 6 (60-54)