ФОТО. Жеңілмеген Стивенсон Пэдлиді нокаутқа түсіріп, WBC чемпионы атағын сақтап қалды
22-нен 23-ші ақпанға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында жеңіл салмақта (61,2 кг) WBC әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті. Бұл айқаста рингке америкалық Шакур Стивенсон (23-0, 11 КО) мен британдық Джош Пэдли (15-1, 4 КО) шықты.
Стивенсон жекпе-жекті өз бақылауына бірден алды, дегенмен алғашқы раундта Пэдли сенімді шабуыл көрсетті. Бірақ чемпион екінші раундтан бастап толық үстемдік орнатып, дәл соққыларымен басымдыққа ие бола бастады. Пэдли қарсылық көрсетуге тырысқанымен, оның әрекеттері нәтиже бермеді.
АҚШ боксшысы жекпе-жек бойы қарсыласын қыспаққа алып, денеге ауыр соққылар жасаумен ерекшеленді. 9-раундта Пэдли үш рет тізерлеп құлағаннан кейін, оның командасы ақ орамал лақтырып, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Шакур Стивенсон (23-0, 11 КО) – Джош Пэдли (15-1, 4 КО) – ТКО 9


