locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФОТО. Әділетсіздік пе? Карлос Адамес пен Хамза Шираз жекпе-жекті тең нәтижемен аяқтады

Бокс
Люба Рябинина
Люба Рябинина
ФОТО. Әділетсіздік пе? Карлос Адамес пен Хамза Шираз жекпе-жекті тең нәтижемен аяқтады
ФОТО. Әділетсіздік пе? Карлос Адамес пен Хамза Шираз жекпе-жекті тең нәтижемен аяқтады

22-нен 23-ші ақпанға қараған түні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында орта салмақта WBC әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті. Рингте доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) пен британдық Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) кездесті.

Шираз жекпе-жектің басынан бастап өзінің бойының ұзындығын тиімді пайдаланып, алыстан шабуылдап, қарсыласын жақындатпауға тырысты. Алайда, Адамес берілмей, жойқын соққыларын дәл бағыттай білді. Алғашқы раундтарда Шираз өзін сенімді сезінді, бірақ уақыт өткен сайын Адамес шабуылды үдете түсті.

5-ші және 8-ші раундтарда Адамес айқын басымдық көрсетті, ал Ширазтың белсенділігі төмендей бастады. 11-раундта британдық боксшы біраз қарқын алып, дәл соққыларын жұмсады, бірақ шабуылын тұрақты түрде жалғастыра алмады.

Жекпе-жек өте тартысты өткендіктен, төрешілер ортақ шешімге келе алмады. Бір төреші жеңісті Ширазға (115-114) берсе, екіншісі Адаместі (118-110) қолдады, ал үшінші төреші жекпе-жекті тең деп бағалады (114-114).

Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) – Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) – SD 12 (114:115, 118:110, 114:114)

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie